Өңірлер

Алматыда "Кенжехан" базарында өрт шықты – видео

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жалын 40 шаршы метрге шарпыды
Sputnik

АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Алматыда "Кенжехан – 1" базарында өрт шықты. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ.

"Кенжехан – 1" базарында контейнердің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен соң өрт сөндірушілер сағат 19:25-те Алатау ауданында орналасқан Солтүстік айналма тас жолы бойындағы базарға қарай шыққан.

Құтқарушылар оқиға орнына алты минутта жетті. Сол уақытта автобөлшектер сақталған қос қабатты контейнер ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт көрші контейнерлерге таралады деген қауіп болған.

Өрт сөндірушілер өртті 09:49-да сөндірді. Өрт аумағы 40 шаршы метрді қамтыды.