АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттері бірнеше мерекеге байланысты мамырда үш күн жұмыс істемейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"2021 жылдың 1, 7, 9 мамырында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері Қазақстан мен ҚХР үкіметі арасында бұрын келісілген уағдаластықтарға сәйкес жұмыс істемейді", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Кейінірек мереке күндері қай өткізу пункттері жұмыс істемейтіні туралы толық ақпарат жарияланады.
Айта кетейік, қазақстандықтар мамырда үш мерекені тойлайды. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1-3 мамыр аралығында демалады. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. 9 мамыр – Жеңіс күні жексенбіге дөп келіп тұр. Сондықтан демалыс дүйсенбі, 10 мамырға ауысады. Осылайша мамырда 13 күн демалыс болады.
Оқи отырыңыз: Қытай шекарасында тұралап қалған вагондарға қатысты ақпарат тарады