Оқиға

"Қатты жылады": көптоғайлық келіншек 4 айлық сәбиін пышақтап тастады

Төрт айлық нәрестенің өлімін Атырау облысының полиция департаменті растады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір — Sputnik. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының тұрғыны төрт айлық баласын өлтірді деген күдікке ілінді.

Расталмаған деректер бойынша, күдікті қатты жылағаны үшін нәрестесін бірнеше рет пышақпен ұрған, деп жазады жергілікті "Ақ Жайық" басылымы.

Өлім фактісін облыстық полиция растады.

"Осы факті бойынша 99-баптың 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деп хабарлады полиция.

Бұл бап бойынша он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Түркістандағы төрт бала мен анасының өлімі: қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда.