Қоғам

Бірнеше облыста ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның жеті облысында 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, деп болжады Қазгидромет синоптиктері
Sputnik

АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстанның жеті облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидромет ақпаратына сәйкес, 29 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы кей жерде 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында 29 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысында күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші – 15-20 м/с.

Павлодар облысының кей жерінде найзағай ойнап, түнде тұман түседі. Шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады.

Cиноптиктер сәуір айында ауа райы қандай болатынын болжады

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерде 15-20 м/с болады.

Қостанай облысы мен Қостанай қаласында кей жерде найзағай болып, тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады деп болжанды.

29-30 сәуірде Қарағанды облысының кей жерінде найзағай болады, күндіз 30 сәуірде бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Сонымен қатар 29 сәуірде күндіз Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.