НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысымен кездесуде Марат Шибұтов еліміздің аумақтық даму мәселелері жөніндегі көзқарасымен бөлісті. Сонымен қатар ақпараттық-сараптамалық орталықтардың, қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру туралы ұсыныстарын айтты. Саясаттанушы мемлекет пен қоғамның ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында бірлесіп атқаратын жұмыстары туралы ойын жеткізді.
Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы мен денсаулық сақтау министрі Тоқаевқа есеп берді
Дәурен Қуат Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының ахуалы, оның ішінде, "Қазақ әдебиеті" газетінің бүгінгі жағдайы жайында айтты. Сондай-ақ қазақ тіліндегі әдебиетті және баспа ісін қолдау жөніндегі ойымен бөлісті. Оның ішінде балалар әдебиетін дамыту туралы айтылды. Бұдан бөлек кездесуде отандық және шетелдік тарихшылар арасында тұрақты байланысты қамтамасыз ету мәселесі көтерілді.