Қоғам

Алматыда зират он күнге жабылады

Жандарбек Бекшин қала тұрғындарынан Радоница күнін неғұрлым қолайлы кезеңге ауыстыруды сұрады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Алматыда 1 мен 10 мамыр аралығында зират жабық болады. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте мәлімдеді.

Биыл православ христиандарының марқұмдарды еске алуға арналған  Радоница күні 11 мамырға түсіп тұр.

"Зират 1 мамырдан 10 мамыр аралығында жұмыс істемейді. Біз бұл мәселені талқылап қойдық. Осы күндері зиратта адам көп шоғырланбас үшін олардың келуін шектеу туралы шешім қабылдаймыз", - деді Бекшин.

Айтуынша, жыл сайын осы күндері зиратқа адам көп жиналады. Сол себепті қазір санитарлық дәрігерлер тиісті шараларды қолға алып жатыр.

"Биыл жағдай былтырғыға қарағанда күрделі, бізде мутацияланған британдық және оңтүстікафрикалық штаммдар бар. Сондай-ақ үндістандық штамның таралуы бүкіл әлемнің алаңдаушылығын туғызып отыр. Сол себепті қала тұрғындарынан ата-ана күнін неғұрлым қолайлы кезеңге ауыстыруды сұраймын",- деді бас санитар дәрігер.

Жексенбі, 2 мамырда православ христиандары өздерінің басты мерекесі – Пасханы тойлай бастайды. Тоғыз күннен соң, 11 мамырда Радоница немесе Ата-ана күні аталып өтеді.