НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға қатысты мемлекеттік қызметтер 100% цифрландырылады.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов "Nur Otan" партиясының жол картасын іске асыру жөніндегі штаб отырысында айтты, деп хабарлады primeminister.kz.
Қазіргі таңда әлеуметтік-еңбек саласында 44 қызмет түрі қарастырылған, оның 40-ы 2020 жылы электронды форматқа ауыстырылды.
24 мемлекеттік қызмет зейнетақы мен жәрдемақы тағайындаумен және төлеумен байланысты, оның ішінде 22 қызмет электронды түрде, 12 (50%) қызмет алушының өтінішінсіз, проактивті түрде көрсетіледі.
Халықтың көбісі білмейді: вице-министр 1 миллион отбасыға арналған төлем туралы айтты
Премьер-министр Асқар Мамин зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін барлық бастапқы деректерді цифрландыруды және өзектендіруді тапсырды.