НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Алматы облысында жүк көлігі үш сиырды қағып кетті, салдарынан жолаушы қаза болды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға Талғар ауданында 25 сәуір кешкі жетілер шамасында болған.
Полицияның ақпаратынша, "Ақбұлақ – Талғар" автожолымен батыс бағытта келе жатқан "HYUNDAI HD270" жүк көлігінің жүргізушісі үш сиырды қағып кетті.
Салдарынан көлік ішінде отырған 33 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Мал да аман қалмады.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.