Қоғам

Қарындасын мектепке шығарып салуға кеткен: Көкшетауда 12 жастағы бала жоғалды

Бала түс кезінде қарындасын мектепке шығарып салуға кеткен, алайда содан кейін үйге оралмаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Көкшетаулық полицейлер 12 жастағы баланы іздеп жатыр. Жасөспірім дүйсенбі күні күндізгі бірлер шамасында жоғалып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Баланың әкесі ұлы хабар-ошарсыз кеткен соң 1 сағат 10 минуттан кейін полицияға хабарласты.

"26 сәуір 14.21-те Көкшетаудың полиция басқармасына 1984 жылғы ер адамнан телефон хабарламасы келді. Ол 13.00-де 12 жастағы ұлы Сергей Александрович Кривоножко қарындасын №16 мектепке апару үшін шығып кеткенін айтты. Осыдан кейін бала жоғалып кеткен", - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қарындасын мектепке шығарып салуға кеткен: Көкшетауда 12 жастағы бала жоғалды

Сергейдің үстінде көк куртка, қара трико, басында қара бас киім, аяғында қара кроссовка болған.

Полицейлер баланы көрген-білгендер болса, "102" нөмірі арқылы бірден хабар беруді сұрайды.