"Бұқар Жырау" тұрғын үй кешеніндегі оқиға бүкіл Алматыны дүрліктірді. Тұрғындардың басым бөлігі эвакуацияланып, полиция ғимарат пен жақын аумақты қоршауға алды.
Болжамдардың біріне сәйкес, ер адамның күзетшіні жаралауына ПИК-тің ұзақ уақыт бойы подъезде тұрған дивандарды сыртқа шығаруы себеп болған.
Оқиға орнына полиция жеткен кезде күдікті 17-қабаттағы өз пәтеріне қамалып алып, есіктен оқ ата бастайды.
Полиция қызметкерлері бірнеше сағат бойы онымен келіссөздер жүргізуге тырысқанымен ол еш нәтиже бермеді. Басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірмес үшін тәртіп сақшылары пәтерге басып кіруге мәжбүр болды.
Полиция арнайы операцияны бастаған кезде ер адам өз-өзіне қол жұмсады.
"Бұқар Жырау" тұрғындары ол ара-тұра пәтер терезесіне түсініксіз сөздер жазылған плакаттар іліп, тұрғындар чатында үнемі дау шығаратынын және осы себепті оны чаттан шығарып тастағанын айтты.