Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда су тасқыны салдарынан жол жабылды

Солтүстік Қазақстанда жол тасқын суларға толып, жол бөлігінен асып кетті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір - Sputnik. Петропавл маңындағы Челябі – Новосібір халықаралық маңызы бар тасжолының учаскесі тасқын сулар салдарынан жабылды, деп хабарлады қала әкімдігі.

"Челябі – Новосібір тас жолының 528-ші шақырымындағы жол Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне және оның жол арнасынан асып кетуіне байланысты жабық. Заречный кенті арқылы айналма жол бар", - деп хабарлады әкімдік.

Сонымен қатар Қазгидрометтің облыстық филиалы өзендегі су деңгейінің одан әрі көтерілуіне байланысты дауылды ескерту жариялады.

Оқи отырыңыз: Көктемде 276 елді мекенді су басуы мүмкін – ТЖ министрі

"Петропавлдағы Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Су деңгейі қауіпті белгіге жақындап келеді. 25 сәуір сағат 8-дегі жағдай бойынша нақты көрсеткіш 982 сантиметрді құрайды (қауіпті белгінің 98%-і). Қауіпті деңгей – 1004 сантиметр. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. Сондықтан су қауіпті деңгейінен асып кетуі мүмкін", - деп ескертті Қазгидромет.