Волчанскіде қараусыз қалған аэродромда ДОСААФ училищесінің студенттері пайдаланған 300-ден астам ұшақ пен тікұшақ бар.
Харьков облысындағы ұшу алаңы училище таратылғаннан кейін Чехословакияның Л-29, Ан-24РТ, Ми-2, Ми-8 және Ан-2 әуе кемелерінің тұратын орнына айналды.
Бір кездері мақтан тұтарлық әуе машиналары ешкімге пайдасыз болып, ашық аспан астында тұр.
Оқи отырыңыз: Ақтауда тас жолға ұшақ қонды – видео
Аэродром аумағының иесі болғанымен, жеке тұлғалар бес жылдан бері аэродром мен ұшақтарды күзетуін қойды.
Нәтижесінде ұшақтарды бұзақылар сындырып жатыр. Кейбіреулері әуе кемелерінің бөлшектерін түсті металға әкетсе, екіншілері граффити мекеніне айналдырды.