Өңірлер

Қазгидромет ертең ауа райы қандай болатынын хабарлады

Қазақстанда күн жылынады, оңтүстікте 30 градусқа дейін ыстық болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір - Sputnik.  Ертең еліміздің басым бөлігінде антициклон ықпалынан күн ашық болады. Тек солтүстікте құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-батыста жел күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" сайты.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар облысында күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Күндіз Батыс Қазақстанда, Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Ақтөбе облысында секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді.

Атырау облысында кей жерлерде тұман, секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Алматы облысында, Алакөл көлі аймағында секундына 15-20 метрге дейін жел болады.

Қостанай облысынынң кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, жел секундына 15-20 метрге дейін соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің екіпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

  • Нұр-Сұлтанда күндіз плюс 16-18 градус, түнде плюс 4-6 градус. Жаңбыр болады, желдің күші секундына 9-14 метрге дейін жетеді.   
  • Алматыда күндіз плюс 21-23 градус, түнде плюс 8-10 градус, желдің күші секундына 0-5 метрге дейін жетеді.
  • Шымкентте күндіз плюс 26-28 градус, түнде плюс 10-12 градус, желдің күші секундына 8-13 метрге дейін жетеді.