Видео

Қарулы адамды ұстау операциясы – оқиға орнынан түсірілген видео

Алматыда бүгін "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде атыс болды. Түске жақын ер адам күзетшінің аяғына оқ атып, содан бері пәтер ішінде жасырынып отыр. Соған байланысты полиция ер адамға қарсы шабуылды бастады.
Sputnik

Полициямен келіссөзге келмеген ер адам баспалдақ жаққа қарай оншақты рет оқ атты. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр, қарулы адамды ұстау бойынша арнайы операция жалғасуда.

Бұған дейін жергілікті тұрғындар қарулы ер адамның жобамен 50-60 жаста екенін айтты. Ол бұған дейін де көршілеріне дөрекілік танытқан.

Оқи отырыңыз: Алматыда полициямен атысып жатқан адам туралы мәлімет шықты

Айта кетейік, желіде ер адамның күзетшіге оқ атқан сәттің видеосы пайда болды.