Видео

Қазақ қуыршақ өнерінің бастауы: ортеке күйі туралы не білеміз – видео

Ортеке – көне заманнан жеткен қуыршақ өнері. Оның нақты қай жерде және қалай пайда болғаны туралы ақпарат жоқ. Бірақ XIX ғасырдың басында қазақ даласында осы өнер кеңінен тарала бастады
Sputnik

Ортеке көбінесе, қызылқайың, қызылқандыағаш, үйеңкі, жаңғақ, шаған, емен сияқты ағаштардан жасалады. Себебі осы ағаштар жеңіл кесіліп, оңай ойылады.

Қуыршақ ортекенің денесі 10 бөліктен тұрады. Олар: бас, кеуде, төрт жілік және төрт сирақ. Барлығы бөлек-бөлек жасалады. Ал бір-бірімен қосқанда жеңіл қозғалатындай етіп бекітеді.

Осыдан кейін ортекені ою-өрнекпен көмкерілген тұғырға орнатып, жіптің бір басын домбырашының оң қолының саусақтарына байлап қояды. Күйші күйді тарта бастағанда, қуыршақ қозғалып, билей бастайды.

Оқи отырыңыз: Наурыз туралы ән айтамыз: Достық үйінде мейрамды қалай атап өтеді – видео

Домбырашылар қай ауылға барса, сол ауылға домбырамен бірге ортекелерін де алып жүрген. Сөйтіп, барған жерлерін қызыққа бөлеп, жастардың өнерге деген құрметі мен қызығушылығын арттырып отырған.

Ерте кезден қалыптасып бүгінгі күнге дейін жалғасын тау­ып келе жатқан өнер түрін видеодан тамашалаңыздар!