НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір - Sputnik. Алматыда "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісі жарақат алды. Белгісіз ер адам оған аңшы мылтығынан оқ атқан.
Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде видео жарияланды. Видеода полиция қызметкерлері күзет бекетінің жанында жүр. Автор оқ атқан адам паркинг аумағына қарай қашты деген болжам жасайды.
"Тұрғын үй күзетшісі мен белгісіз ер адам арасында жанжал туындаған. Нәтижесінде күзетші аяғынан жарақат алды. Алдын ала болжам бойынша, аңшы мылтығынан оқ атылған. Ер адам ауруханаға жеткізілді", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Шымкентте түсірілген тағы бір видео таралып жатыр – полиция оқ атқандарды анықтады
Полиция күштері тартылып, күдіктіні ұстау іс-шаралары жүргізіліп жатыр.