Оқиға

"Бұқар жырау" кешеніндегі атыс: 15 рет оқ атылды - видео

Бірнеше минут бұрын соңғы оқтың дыбысы естілді
Sputnik

АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. "Бұқар Жырау Тауэрс" кешенінде қарулы адамға қарсы полиция шабуылы басталды. Қазірге дейін оқиға орнында 15 рет оқ атылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.

Полиция қарулы ер адамға қарсы шабуылды бастады. Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары ер адамды ұстады. Алайда нақты ақпарат жоқ.
Бұған дейін ер адам терезеден қару көрсеткенімен, оқ атпады.

Оқи отырыңыз: "Бұқар жырау" кешенінің тұрғыны оқиғаға не себеп болғанын айтты

Айта кетейік, Алматыда белгісіз ер адам "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде күзетшіге күндіз оқ атты. Жарақат алған күзетші ауруханаға жеткізілді. Содан бері ол пәтеріне жасырынып отыр.
Тәртіп сақшылары мен қарулы адамның арасындағы қақтығыс алты сағатқа жуық уақыттан бері жалғасып жатыр.
Қаскүнем терезеге қисынсыз үндеу жазылған плакат іліп қойды.