Оқиға

Алматыда қарулы адам полициямен келіссөз жүргізуден бас тартты

Қазіргі уақытта күдіктімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қарулы адам сөйлесуден бас тартты. Сонымен бірге оның кіреберіске қарай 10-нан астам оқ атқаны белгілі болды
Sputnik

АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Алматы полициясы "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешеніндегі қарулы адаммен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қалалық полицияның хабарлауынша, қарулы адам келіссөздерден бас тартты.

"Қазір пәтер ішінде жасырынған күдіктімен келіссөз жүргізіліп жатыр. Алайда қарулы ер адам байланысқа түсуден бас тартып отыр. Сонымен қатар ол баспалдақ жаққа 10-нан аса оқ атты", - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: "Бұқар Жырау" кешеніндегі атыс: 15 рет оқ атылды - видео

Айта кетейік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Полиция азаматтарды сабыр сақтауға шақыруда.

Ал аяғына оқ тиген күзетші жансақтау бөлімінде жатыр, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқ атқан адамды ұстау бойынша арнайы операция жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Алматыда белгісіз ер адам "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде күзетшіге оқ атты. Жарақат алған күзетші ауруханаға жеткізілді. Содан бері ол пәтеріне жасырынып отыр. Тәртіп сақшылары мен қарулы адамның арасындағы қақтығыс алты сағатқа жуық уақыттан бері жалғасып жатыр.

Қаскүнем терезеге қисынсыз үндеу жазылған плакат іліп қойды.

Полиция қарулы адамға қарсы шабуылды бастады.