НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір - Sputnik. Бүгін түстен кейін Алматыдағы "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінің күзетшісін жарақаттаған ер адам пәтерге жасырынды. Полицияға оқ атуын жалғастыруда, деп хабарлайды оқиға орнынан Sputnik Қазақстан тілшісі.
Күдікті терезеге белгісіз хабарламасы бар постер іліп қойды.
Әлеуметтік желіде үйдің тұрғындары ер адам бұрын да көршілеріне агрессия көрсеткенін айтты.
"Ол күзетшіні жаралады. Енді тығылып, оқ атуын жалғастыруда", - деді тұрғын үй кешені тұрғындарының бірі Sputnik Қазақстанға.
Оның айтуынша, ер адам бұған дейін де көршілеріне дөрекілік көрсеткен. Тіпті оны тұрғындардың желідегі чаттарының бірінен бұғаттап тастауға тура келген.
"Тұрғындардың тағы бір чатында оның жарып жіберемін деп қорқытқаны туралы хабарлама жүр. Бізде 23 қабат, шамамен 600 пәтер бар", - деді тұрғын.
Оқиға орнында полиция департаментінің бастығы генерал-майор Қанат Таймерденов жағдайды жеке бақылауында ұстап отыр. Полиция не болып жатқаны туралы әлі түсініктеме берген жоқ. Журналистерді оқиға орнына жақындатпады.