ПЕТРОПАВЛ, 23 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында ішінде ер адамның мәйіті жатқан жол талғамайтын көлік өзеннен шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде автокөлікті трактордың көмегімен судан шығарып алған сәттің видеосы жарияланды.
Оқиға Қызылжар ауданының Красный Яр ауылына жақын жерде Есіл өзенінде болғаны анықталды. Полиция бұл деректі растады.
"Қызылжар ауданының полиция бөлімі Петропавл тұрғынының мәйіті жатқан Toyota Surf автокөлігін Есіл өзенінен шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірқатар сараптама тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.