"Болашақ халықаралық стипендиясы – 2021: жаңа мүмкіндіктер" тақырыбындағы онлайн брифинге спикер биыл стипендия тағайындау 4 мамырда басталып, 28 қазанда аяқталатынын атап өтті.
Ал білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленовтің пікірінше, республикалық комиссия бекіткен еліміздегі басымдыққа ие мамандықтар іріктеу критерийінің негізі болады.
Халықаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі Айнұр Кәрібозова биыл беделді стипендияға үміткерлерді тағы не күтіп тұрғандығы туралы айтып берді.