НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.
Әшімбаев пен Бородавкин "сағатты салыстырып тексеріп", алдағы саяси қарым-қатынастың кестесін талқылады. Атап айтқанда, РФ Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенконың Қазақстанға сапарына дайындық мәселесі талқыланды, бұған дейін хабарланғандай, Матвиенконың сапары сәуірдің соңына жоспарланған.
Саясаткерлер сонымен қатар коронавирус инфекциясымен күрес кезінде Қазақстан мен Ресей арасында "бұрын-соңды болмаған тығыз ынтымақтастық орнағанын" атап өтті, атап айтқанда Қазақстанда ресейлік Sputnik V вакцинасы өндіріле бастады.