Қоғам

Қазақтың тағы бір ақыны дүниеден өтті

Жәркен Бөдешұлы әр жылдары кітап палатасында жауапты қызметтер атқарып, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған
Sputnik

АЛМАТЫ, 22 сәуір – Sputnik. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Жәркен Бөдешұлы 77 жасында дүниеден озды. Қаралы хабарды Sputnik Қазақстан тілшісіне ақынның жары растады.

"Екі-үш күн ауырды. Коронавирус емес, бірақ аздап әлсіздік болды. Кеше түнде қайтыс болды", – деді марқұмның жесірі.

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда Қытай Халық республикасының Тарбағатай аймағы Толы ауданында Жайыр тауында туған. Азан шақырып қойған аты – Жармұхаммед.

ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген.

Әр жылдары кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған.

Оқи отырыңыз: "Бұл намыссыз қыздың әрекеті": белгілі ақын қазақтың қателігін айтып қапаланды

Ақынның "Көкше құрақ", "Қос қанат", "Зейін", "Аспан даусы", "Нұрлы бояулар", "Жұлдызға орнын ай бермес", "Емендер түнде бүрлейді" атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген.