ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, 22 сәуір — Sputnik. Ведомствоаралық комиссияның басшысы, вице-премьер Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында дайындалған қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы партиясын тиеу шарасына қатысты және Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский аулындағы биофармацевтикалық зауыт құрылысының барысымен танысты.
Алғашқы 50 000 доза Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында өндірілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жұмыс сапары барысында Тоғжанов ғылыми-зерттеу институтының базасындағы биофармацевтикалық зауыт құрылысының барысымен танысты.
Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстары аяқталды. Монтаждау, іске қосу-реттеу және инженерлік желілерге жалғау арқылы жабдықты іске қосу жұмыстары басталды.