НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Асқар Маратұлы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Асқар Маратұлы 1976 жылы дүниеге келген. Шығыс Қазақстан техникалық университетін инженер-экономист және Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін инженер мамандығы бойынша тәмамдаған.
2007-2012 жылдары Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, көлік және коммуникациялар министрлігінің сарапшысы, Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2012-2015 жылдары – Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
2015-2017 жылдары — Зеренді ауданының әкімі.
2017-2019 жылдары – Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
Соңғы лауазымы – Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліповті қызметінен босатуды бұйырған болатын.