Аңдатпа

Қазақстанда 23 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан 23-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Sputnik

23 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.30 – "Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар" тақырыбында брифинг. Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева, UMC клиникалық иммуннология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі Елена Ковзель, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ляззат Ералиева, Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы" филиалы директорының орынбасары Манар Смағүл, профессор,  денсаулық сақтау министрлігінің дәрілік заттар мен медициналық бағыттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляев.

Баспасөз конференциясы орталықтың youtube.comfacebook.com желілері арқылы онлайн режимде көрсетіледі.

16.00 – Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықовтың қатысуымен "Атамекен"  ұлттық кәсіпкерлер палатасының брифингі. Спикерлер: жаппай кәсіпкерлік департаментінің директоры Анастасия Шандрыга; бизнес-жаттықтырушы - Назым Әбілғазиева; "Атамекен"  ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облысы бойынша директоры Ғалымжан Жақсылықов; "Атамекен"  ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жамбыл облысы бойынша директордың міндетін атқарушы Самат Қосалиев; "Бастау Бизнес" жобасының қатысушысы - Жанатбек Хозыбай.

Талқыланатын мәселелер: "Бастау Бизнес" бағдарламасын іске асырудың жаңа тәсілдері: тіркеу, қабылдау талаптары, оқыту бағдарламасы, бизнес-жоспарларды қорғау, несиелеу. Брифинг "Атамекен"  ұлттық кәсіпкерлер палатасының Facebook және Instagram желілері арқылы онлайн режимде көрсетіледі.

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Бақшасарай бұрқағы" балеті. 65 жастан асқандарға кіруге болмайды ("Астана Опера" театры, камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.30 –"Сұлтан Бейбарыс" спектаклі ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы 9). 

АЛМАТЫ

19.00 – "Любовница" спектаклі ("Өркен" театр студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі 38).

19.00 – "PUSHKIN Stand Up" спектаклі (БАТА театры, Мақатаев көшесі 127/3).

19.30 – "Солнцестояние" спектаклі ("Трансформа" кеңістігі, Байзақов көшесі 280).

20.00 – "Игроки" спектаклі (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі 78а).

24 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

18.00 –"Сұлтан Бейбарыс" спектаклі ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы 9). 

АЛМАТЫ

12.00 – "Читки пьес уральских режиссеров" спектаклі (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі 78а).

19.00 – "Любовница" спектаклі ("Өркен" театр студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі 38).

20.00 – "Мечта" спектаклі (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі 78а).

25 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – "Бақшасарай бұрқағы" балеті. 65 жастан асқандарға кіруге болмайды ("Астана Опера" театры, камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

12.00 – "Читки пьес уральских режиссеров" спектаклі (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі 78а).

20.00 – "Мертвые" спектаклі (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі 78а).

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың халық алдында есеп беруі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.