Өңірлер

Екі өңірде су тасқыны қаупі едәуір сейілді – ТЖ министрі

Төтенше жағдайлар министрі, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысы әкімдерінің орынбасарлары өңірде су басу қаупі айтарлықтай төмендегенін айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин елдегі су басу қаупі жоғары өңірлердегі жағдайды әуеден бақылады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Екі өңірде су тасқыны қаупі едәуір сейілді – ТЖ министрі

Негізінен Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің ағысы бойынша су деңгейі артуда және өзен алқабы суға толуда.

"Су деңгейінің көтерілуі қауіпті межеге жетпейді. Өзен арнасы таза, мұз байқалмайды", - деп жазылған хабарламада.

Ал Ақмола облысының аумағын ұшақтан бақылау кезінде су тасқынына қатысты жағдай қалыпты екені анықталды.

Екі өңірде су тасқыны қаупі едәуір сейілді – ТЖ министрі

"Колутон өзенінің кей бөліктерінде қауіпті жағдай байқалады. Бір апта бойы су деңгейінің көтерілуін байқадық. Қазір төмендеп жатыр. Шамамен 10-14 күннен кейін жағдай қалпына келуі тиіс", - деп атап өтті Юрий Ильин.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы шаруа қожалықтары Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында орман алқабы маңындағы құрғақ шөпті жоспарлы өртеу жұмыстарына кіріскенін айтты.  

Екі өңірде су тасқыны қаупі едәуір сейілді – ТЖ министрі

Министрдің айтуынша, көктемде көбінесе бақылаусыз жүргізілетін осы жұмыстар өрт туындауына себеп болады.

"Олар бұл жұмыстарды қар ери салысымен бастап кетеді. Құрғақ шөпті өртеу жұмыстарын жүргізген жағдайда біздің төтенше жағдайлар департаменттеріне алдын ала хабарлаңыздар. Мұндай шаралардың төтенше жағдайларға алып келуіне жол бермеу керек", - деді Ильин.