Оқиға

Ақтауда тонаушы сатушы әйелге тап беріп, аяусыз тепкіледі – видео

Сатушы әйелді ұрып-соғып, кассадағы бар ақшаны алып кеткен тонаушыны Ақтау полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Ақтауда азық-түлік дүкені тоналды: қылмыскер нәзік сатушы әйелді ұрып-соққан, деп хабарлады "Лада" порталы.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Видеороликке қарағанда, түнгі сағат үш шамасында ер адам шағын дүкенге кірген. Сатушы әйелдің жалғыз екенін көріп, үстелдің артына барып, оның қолынан ұстап алған. Сатушы қаскүнемнің қашып кетпек болған, бірақ сол сәтте ол оған буындыру әдісін қолданып, еденге құлатып, басынан бірнеше рет тепкен.

Маңғыстау облысының полиция департаменті қылмыс 22 сәуірде таңға қарай Ақтау қаласының 13-шағын ауданында жасалғанын хабарлады.

Қылмыскер ақша мен ұялы телефондарды алып кеткен.

Жол-патрульдік қызметі күдіктінің ізін суытпай ұстады. Ол қазірдің өзінде кінәсін мойындап отыр.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу абақтысына қамалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ер адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.