Өңірлер

Қазақстанның екі облысы "қызыл аймаққа" өтті

Ал Солтүстік Қазақстан облысы керісінше, "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа ауысты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Қызылорда және Маңғыстау облыстары коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді.

Қауіпті аймақта 10 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.

"Сары" аймақта тұрған Солтүстік Қазақстан облысы "жасыл" аймаққа өтті.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты болжамды өзгертті

Осылайша "жасыл" аймаққа Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары енді.  

"Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары қалды.