НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Киясов Nur Otan партиясынан сөгіс алғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мен - партияның мүшесімін. Партия осындай шешім шығарды. Бәлкім, бір жерде төсбелгісіз отырған шығармын. Бірақ мен әрдайым тиісті ережені сақтауға тырысамын. Міне, бүгін де белгіні тағып келдім", - деді Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Айта кетейік, бүгін Nur Otan партиялық бақылау комитетінің басшысы, депутат Артур Платонов бас санитарға сөгіс жарияланғанын хабарлады. Оның айтуынша, адамдар оған әлеуметтік желі арқылы шағымданған. Олар министр орынбасарлары мен өңірлердегі шенеуніктер азаматтармен кездесу кезінде қандай да бір мәселе бойынша "партиялық міндеттемені орындаудан қашатынын" айтқан. Партия төсбелгісін де тақпайды.
"Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Қиясов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жақанов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Кикимов, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ш.С. Буктугутов, Жезқазған қаласының әкімі Қ.Б. Әбсаттаров партия нышанынсыз жүруді артық көретінін айтуға мәжбүрміз", - деп жазды Платонов.
Осыған байланысты Қиясовқа сөгіс беріліп, қалған шенеуніктерге ескерту жасалды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысышықты