Видео

Әлемдегі ең ірі батпырауық фестивалі қалай өтті – видео

Коронавирус пандемиясы әлемдегі ең ірі халықаралық батпырауық фестивалін өткізуге кедергі бола алмады
Sputnik

Ол қытайдың Вэйфан қаласында осымен отыз сегізінші рет ұйымдастырылып отыр.

Кең далада 118 команда жиналды, олар желдің көмегімен он мыңнан астам түрлі батпырауықты ұшырды.

Таңғажайып көріністі Шаньдун провинциясындағы мыңдаған көрермен тамашалады.

Батпырауықтар аспанға алғаш рет екі мың жылдан астам уақыт бұрын көтерілді және осы уақыт аралығында олардың пішіні мен құрылымы үнемі жетілдіріліп отырды.

Вэйфандағы халықаралық батпырауық фестивалі алғаш рет 1984 жылдың 1 сәуірінде өтті.

Төрт жылдан соң фестиваль төралқасы Вэйфанды "батпырауықтар астанасы" деп жариялады, ал 1985 жылы қалада Халықаралық батпырауық федерациясының штаб-пәтері жұмыс істей бастады.

Қазақстанда елорда күнін мерекелеу аясында бірнеше жылдан бері батпырауық фестивалі өткізіліп келеді.