НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. WhatsApp мессенджерінде Helios жанармай құю желісінен бензинді тегін алуға болатыны туралы ақпарат тарады. Жанармай құю станциясының өкілдері бұл хабарламаны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz.
Қазақстандықтар мессенджерде Helios жанармай құю желілерінен 150 литр бензинді тегін алуға болатыны туралы сілтемемен бөлісуде. Ол үшін сайтта сауалнамадан өту керек.
Алайда Helios жанармай құю станциялары желісінің ресми сайтында да, олардың Instagram-дағы ресми аккаунтында да 150 литр бензинді тегін алуға болатын акция туралы хабарландыру жоқ.
"Бұл жалған ақпарат. Біз бұл хабарламаларды көргеннен кейін дереу оны жоққа шығардық", – делінген ЖҚС желісі өкілдерінің жауабында.
Тағы оқыңыз: Бензин қымбаттап жатыр: мәжіліс депутаты шұғыл шара қабылдауды талап етті
Қазнетте мазмұны осыған ұқсас жалған хабарлама бұған дейін де тараған болатын.
Порталдың ақпаратынша, алаяқтар қазақстандықтарды танымал брендтердің атынан жиі алдайды. Олар көп жағдайда осындай "сауалнама" арқылы желі қолданушыларының жеке деректерін ұрлайды. Бұл фишинг деп аталады.