АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 21 сәуірде елдің басым бөлігінде ауа райы бұзылады. Соған байланысты Қазгидромет дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде желдің күші 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысында кей жерінде көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с-ке жетеді.
"Шымкент қаласында 21 сәуірде түнде қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады", – делінген хабарламада.
Түркістан қаласында 21 сәуірде түнде және таңертең найзағай болады. Солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында 21 сәуірде солтүстік-шығыстан күші 15-20 м/с жел соғады.
Күндіз Павлодар облысының кей жерінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші – 15-20 м/с. Павлодар қаласында күндіз 21 сәуірде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей жерде найзағай, бұршақ жауып, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерде 23 м/с болады. Орал қаласында күндіз найзағай, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады.
Ақтөбе облысында кей жерде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады.
Атырау облысында найзағай, шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.
Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл болып, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Ақтау қаласында 21 сәуірде күндіз шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Алматы, Түркістан, Жамбыл облысында қатты жауын-шашын болуына байланысты 2021 жылдың 21-22 сәуір аралығында өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.