Әлем

Чад президенті сайлаудағы жеңісін тойлап жатып қайтыс болды

11 сәуірде өткен президенттік сайлауда Идрис Деби 79 пайыздан астам дауыс жинап, ел президенті лауазымына алтыншы рет қайта сайланған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір - Sputnik. Чад президенті Идрис Дебиді көтерілісшілер сайлауда жеңіске жеткен күні өлтірді, деп хабарлайды РИА Новости.

Идрис Деби 68 жаста болатын. Ол 1996 жылдан бері елді басқарып келеді. Бұл оның президенттік сайлаудағы алтыншы жеңісі еді.

Сейсенбі, 20 сәуірде Идрис Деби қарулы күштер операциясын басқару үшін және көтерілісшілерге қарсы күресіп жатқан әскерилер арасында жеңісті тойлау үшін алаңға келген. Алдыңғы шепте жүрген ол жарақат алып, кейіннен ауруханада қайтыс болды.

Бұған дейін 11 сәуірде өткен президенттік сайлауда Идрис Дебидің жеңіске жеткені хабарланған. Осымен алтыншы рет қайта сайланған ол 79 пайыздан астам дауыс жинаған.

Оқи отырыңыз: Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды

Чадта ел басшысы қайтыс болғаннан кейін өлтірілген президенттің ұлы генерал-лейтенант Махамат Идрис Деби басқаратын өтпелі әскери кеңес құрылды. Кеңес жаңа президенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылда және өтпелі кезең бір жарым жылға созылады.

Сонымен қатар, бүгіннен бастап республиканың барлық шекараларын жабу туралы шешім қабылданды.