Қоғам

Президент Аида Балаеваны қабылдады

Ақпарат министрі Тоқаевқа ақпараттық саясат пен азаматтық қоғамды дамыту бағытында атқарып жатқан жұмыстар жайында баяндады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Министр президентке ақпараттық саясат пен азаматтық қоғамды дамыту бағытында атқарып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, оның ішінде, волонтерлік қозғалысты және экологиялық ағарту шараларын одан әрі дамытуға, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында атқарылатын іс-шараларды жүзеге асыруға қатысты бұған дейін берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді",  - делінген ақпаратта.

Аида Балаева мемлекет басшысына "Қоғамдық кеңестер туралы" және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заңнамаларға енгізілген жаңа түзетулердің жүзеге асырылу барысы туралы айтты.

Оқи отырыңыз: "Бәріміз кінәліміз": Министр Балаева қазаққа жат дүниелер жайлы ащы шындықты айтты

Сонымен қатар министр президенттің қоғамдық бақылау, волонтерлік және қайырымдылық қызмет туралы жаңа заң жобаларын әзірлеу жөніндегі тапсырмаларының орындалуы жайында мәлімет берді.

Кездесу қорытындысы бойынша президент министрлік алдына бірқатар нақты міндет қойды.