Фото

"Қазақстандағы Венеция": Түркістанда "Керуен-Сарай" туристік кешені ашылды – фото

Sputnik

Кешеннің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.

Кешен ішінде Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы бар.

Оқи отырыңыз: Көне және заманауи: Түркістанда туристік кешен ашылды – видео

Түркістан қаласы облыс орталығы болған уақыттан бастап қалада құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соған сай түркі жұртының рухани астанасы туристер баратын қаланың біріне айналып жатыр.

1 / 15
Түркістанда 2021 жылдың 10 сәуірінде "Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешені ашылды.
2 / 15
Кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсанда басталған.
3 / 15
"Керуен сарай" туристік кешені инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City компаниясы іске асырды.
4 / 15
Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 гектар аумақта орналасқан.
5 / 15
Кешен ішінде 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
6 / 15
"Керуен сарай" туристік кешеніне Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, "ұшатын театр", ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен дүкендер кіреді.
7 / 15
Кешеннің ашылу салтанатында судағы "қайық шеруі" театрландырылған шоуы өтті.
8 / 15
"Керуен-сарай" кешенінің ашылу салтанатына Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ инвестор компанияның өкілі Қуанышбек Құдайберген қатысты.
9 / 15
Кешен ішін қайықпен аралауға болады. Тұрғындар бұл кешенді "Қазақстандағы Венеция" деп атап жүр.
10 / 15
Кешен ішінде ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр жұмыс істеп тұр.
11 / 15
"Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешенінің ашылу салтанаты.
12 / 15
Түркістанға барып жаңа туристік кешенді аралап жүргендердің қарасы қалың. Оның арасында жергілікті тұрғындар мен өзге өңірлерден келгендер бар.
13 / 15
"Керуен сарай" көпфункционалды туристік кешенінің ішінде сауда орындарымен қатар қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы бар.
14 / 15
Кешеннің ортасында алып кеме бар. Оны жергілікті тұрғындар "Кеме қалған" деп атап кетті.
15 / 15
Түркі жұртының рухани астанасы саналатын Түркістан қаласы облыс орталығы болған үш жылға жуық уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болды. Бүгінде қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді.