Оқиға

Алматыда автобус өртеніп кетті – видео

Төтенше жағдай орнына келген өрт сөндірушілер "Лиаз" маркалы автобустың жалындап жанып жатқанын көреді
Sputnik

АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Алматы көшелерінің бірінде жолаушылар автобусы өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 11.00-де Алатау ауданы Әйгерім-2 ықшамауданында автобустың жанып жатқаны туралы ақпарат түскен. Оқиға Қожаханов көшесі мен Бенберин көшесі қиылысында болған.

Төтенше жағдай орнына келген өрт сөндірушілер 20 шаршы метр алаңда "Лиаз" маркалы автобустың жалындап жанып жатқанын анықтады.

Автобуста жолаушылар болмаған. Өрт жеті минутта ауыздықталып, сағат 11:22-де толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.