Өңірлер

Үсік жүреді: синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Суық антициклон әсерінен республиканың оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қазгидромет 20-22 сәуір күндеріндегі ауа райына болжам ұсынды.

Синоптиктердің ақпаратынша, Скандинавия түбегінің аудандарынан ығысқан, солтүстікте жаңбырдың қарға ұласуына және температураның төмендеуіне себеп болған суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады.

"Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, сондай-ақ кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүреді", - делінген хабарламада.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда 20 сәуірде күн ашық, түнде минус 6, күндіз плюс 1 градус.

Алматыда күн бұлтты, түнде плюс 9, күндіз плюс 21 градус.

Шымкентте күн ала бұлтты, түнде плюс 14, күндіз плюс 19 градус.