Өңірлер

Қостанай облысында жүргізушілер ерекше табиғи құбылысты видеоға түсіріп алды 

Қатты желдің салдарынан мұз кесектерінің биіктігі 5 метрге дейін жетіп, республикалық маңызы бар жолды жауып тастады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. Қостанай облысының тұрғындары ерекше табиғи құбылысты видеоға түсіріп алды. Далада мұз көшіп, жолды жауып тастады, деп хабарлады "Алау" порталы.

Желіде тараған видеоны көлік жүргізушілері түсіріп алған. Мұз кесектері жолға шығып кеткен.   

"Мен мұндайды бірінші рет көріп тұрмын!", - дейді видео авторы.

Қостанай облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.  

"18 сәуірде Сарыкөл ауданындағы жол жабылған болатын. Бұл – республикалық маңызы бар жол. Мұз кесектері жолға шығып кеткен. Биіктігі 5 метр. 19 сәуірде таңғы сағат 8:00-де 50 метр мұзды ғана тазалау жұмыстары қалған. Негізі – бұл табиғи құбылыс. Қатты желдің салдарынан мұз кесектері жолға шығып кетті", - дейді басқарма басшысы Олжас Нұрғалиев.

Оқи отырыңыз: Ақорда үстіндегі таңғажайып құбылыс видеоға түсіп қалды 

Айта кетейік, бұған дейін Қазгидромет күн суытатынын хабарлаған болатын. Болжамға сәйкес, 19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарда жауған жаңбыр қарға ұласады. Ал ауа температурасы минус  5-12 градусқа дейін төмендейді.