Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда асфальт опырылып кетті – видео

Елорда әкімдігі құбыр жүргізу кезінде заң бұзушылыққа жол берген мердігер ұйым жауапкершілікке тартылады деп уәде берді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Уәлиханов және Қараш көшелерінің қиылысында жол төсемі ойылып қалды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Диаметрі 300 мм СДР 17 құбырын тесу әдісімен жүргізу кезінде мердігер ұйымның технологиялық процесті сақтамауынан ойылған жер пайда болды", - делінген хабарламада.

Әкімдік заң бұзушылыққа жол берген мердігер ұйым жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта учаске қоршауға алынды, ойылған жерді толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дүйсенбіде әкімдік бсқармалары, "Elorda Eco System" коммуналдық кәсіпорны, сондай-ақ полиция департаменті жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.