Әлем

Блогер әйел ажалмен ойнаймын деп қайтыс болды

Тура бір жыл бұрын блогер әйел өтірік өлгендей болып, күйеуі мен балаларының зәресін ұшырған. Видеоны 700 мың адам жазылған Youtube-арнасына да салып жіберді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. Мысырдың танымал блогері Умм Зияд (Umm Ziyad) өткен жылы сәуір айында өтірік өлгендей болып, отбасының және мыңдаған желі қолданушыларының зәресін ұшырған. Ал тура бір жылдан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Gulf News.

Блогер әйелдің өлімі туралы ағасы Хамди хабарлады. Оның айтуынша, Зиядтың үйінде тұрған су жылытқыштан газ шығып кеткен. Содан ауа жетпей, тұншығып қалды. Ол бірнеше күн бұрын хабарласып, өзін нашар сезініп жүргенін де айтты.

Оқи отырыңыз: "Біз не болғанын түсінбедік": Блогердің ұлы телефонның кесірінен көз жұмды

Зияд "Умм Зиядтың күнделігі" атты YouTube-арнаны жүргізген. Оған 700 мың адам жазылған. Өткен жылы сәуір айында ол күйеуі мен балаларының реакциясын жазып аламын деп, өтірік өлгендей болған. Артынан видеоны желіге де жүктеді. Ал тура бір жылдан кейін 9 сәуірде қайтыс болды.