Видео

Қазақстандық десантшылар парашютпен секіруге дайындалып жатыр – видео

Көктегі қауіпсіздік жерден басталады. Парашют уақытында және дұрыс ашылуы үшін қазақстандық десантшыларға жерде көп жаттығуға тура келеді
Sputnik

Қазақстанның десанттық-шабуылдау әскерлері жіті әрі жауапты дайындық – табыс кепілі екенін жақсы біледі. Сол себепті олар парашютпен секіруге өте мұқият дайындалады.

Десантшылар парашютпен секірмес бұрын жерде алдын ала дайындық курсынан өтті.

Әуеге көтерілер алдында парашютті қалай жинау керектігін үйреніп, тренажерлерде жаттықты.