НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2828 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Науқастардың ең көбі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы облысында тіркелді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласында - 45586 (+677),
- Нұр-Сұлтан қаласында - 39332 (+636),
- Шығыс Қазақстан облысында - 23801 (+105),
- Атырау облысында - 20585 (+127),
- Қарағанды облысында - 20519 (+210),
- Павлодар облысында - 19781 (+37),
- Батыс Қазақстан облысында – 17065 (+109),
- Ақмола облысында – 16762 (+102),
- Алматы облысында - 18304 (+243),
- Қостанай облысында - 14365 (+29),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 13579 (+45),
- Шымкент қаласында - 8181 (+126),
- Ақтөбе облысында - 7484 (+200),
- Жамбыл облысында - 7041 (+43),
- Маңғыстау облысында - 4962 (+33),
- Түркістан облысында - 4891 (+48),
- Қызылорда облысында - 4763 (+58).
Пандемия басталғалы бері республикада барлығы 287 001 қазақстандық індетке шалдықты.