Қоғам

Күн қайта суытады – алдағы күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктердің айтуынша, дүйсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстанның солтүстігінде алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді. Ауа температурасы минус 12 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. 19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Сонымен қатар ауа температурасы минус 5-12 градусқа дейін төмендейді.

Оқи отырыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Бұл Скандинавия түбегі аудандарынан суық антициклонның келуіне байланысты болып отыр.

Сонымен қатар республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік жартысында күн күркірейді.