Саясат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды

Марат Ахметжанов бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.  

"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Президент агенттіктің бұрынғы басшысы Алик Шпекбаевты қызметінен босатты.

Бұған дейін Марат Ахметжанов Қазақстан бас прокурорының орынбасары болды. Тоқаевтың өкімімен ол бұл лауазымнан босатылды. 

Марат Ахметжанов туралы не білеміз

Марат Мұратұлы Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда Павлодар облысында Баянауыл ауданына қарасты Теңдік ауылында дүниеге келген. Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1991 жылы Теміртау қаласының прокуратурасында бастады Ал үш жылдан кейін бас прокуратураға ауысты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жұмысын дұрыс атқармаған басшыны қызметінен босатуды бұйырды

1997-1998 жылдары - Қазақстан мемлекеттік тергеу комитеті, кейін ішкі істер министрінің әскери-тергеу департаментінде тергеу басқармасының бастығы;

1998-2001 жылдары - тергеу департаменті директорының орынбасары, Қазақстан сот қаулыларын орындау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары;

2001-2003 жылдары бас прокуратураның алдын ала тергеу мен зерттеудің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы;

2003-2006 жылдары – Павлодар облысының прокуроры;

2006 – 2019 жылдары – сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры;

2009-2021 жылдары – бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы;

2012-2014 жылдары – қаржы полициясы төрағасының орынбасары;

2016 жылдан бері бас прокурордың орынбасары қызметін атқарды.

Марат Мұратұлы "Құрмет" орденімен, "Мінсіз қызметі үшін" және тағы басқа медальдармен марапатталған.

Бұдан бөлек, Ресейдің мемлекеттік "І Петр" және "Адмирал Кузнецов" атындағы медалін алды. Беларусьтің марапатына да ие болды. Шені - генерал-майор, 3-сыныпты әділет кеңесшісі.