Қоғам

Тоқаев жұмысын дұрыс атқармаған басшыны қызметінен босатуды бұйырды

Қазақстанда бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуы мен жөнделуіне бақылау күшейтіледі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбукте.

Сонымен қатар ол барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтілетінін хабарлады.

Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды.

Ұлан Әліпов "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметін 2019 жылдың ақпанынан бері атқарды.