НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik.Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігінің баспасөз орталығында жер сілкінісін болжау саласындағы заманауи даму мен көрші елдердегі соңғы жер сілкінісі жөнінде Мәскеу–Бішкек–Ереван–Нұр-Сұлтан–Тбилиси бейнекөпірі өтеді.
Көрші елдерде неліктен жер сілкінісі күшейе түсті? Жақын болашақта күшті дүмпулер болуы мүмкін бе? Қазіргі уақытта жер сілкінісін болжау мен бұл сала қалай дамуда? Афтершоктар жер сілкінісіне қарағанда қауіпті ме?
Осы және басқа да сұрақтарға Ресей ғылым академиясының жер сілкінісін болжау теориясы мен математикалық геофизика институтының директоры, Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы Петр Шебалин жауап береді.
БАҚ өкілдері спикерге өз сұрақтарын a.nurgazinova@sputniknews.com мекен-жайы бойынша немесе +7 747 220 74 01 (WhatsApp) арқылы жібере алады.
Бейнекөпір 15 сәуірде, сағат 13:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) Sputnik.kz сайтында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.