Фото

Небәрі 106 минут: Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына биыл 60 жыл – фото

Sputnik

Осы жылы адам баласы ғарышты бағындырғанына 60 жыл толып отыр.

Бұл тарихи оқиға да дәл биылғыдай дүйсенбіге дөп келген еді. Суреттер ғарышқа аттанған Юрий Гагарин мен жердегі адамдардың сезімін, көңіл-күйін толық жеткізе алмайды.

Адамзатқа ғаламшар атмосферасынан тыс кеңістікті зерттеуге мүмкіндік берген Гагариннің жүздеген сағатқа созылған дайындығы мен техниканың даярлануы кадр сыртында қалды.

Оқи отырыңыз: "Ешқашан ұмытылмайды": Олжас Сүлейменов Гагарин, ғарыш және Алматы туралы - видео

Бүгінде бес жүзге жуық адам орбитада болып қайтса да, Гагариннің небәрі 106 минутқа созылған алғашқы ұшуы адамзат үшін үлкен ерлік саналады. 

1961 жылдың 12 сәуіріндегі тарихи оқиға қалай өткені және бүкіл әлем тұңғыш ғарышкерге қандай құрмет көрсеткені туралы суреттер топтамасынан көре аласыздар.

1 / 20
Тарихтағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин 1960 жылдың маусымында әйелі Валентина және қызы Еленамен бірге Клязма жағажайындағы демалыста суретке түсуде.
2 / 20
Юрий Гагарин ғарышкерлерді даярлау орталығында вестибулярлық дайындық кезінде. "Жұлдыздарға алғашқы саяхат" деректі фильміндегі кадр.
3 / 20
Ғарышкер Юрий Гагарин ұшудан бірер сәт бұрын "Восток-1" ғарыш кемесіне баратын баспалдақта тұр. Байқоңыр ғарыш айлағы, 1961 жылдың 12 сәуірі.
4 / 20
Юрий Гагарин ұшудан бірер сәт бұрын "Восток-1" ғарыш кемесінің кабинасында. Байқоңыр ғарыш айлағы, 1961 жылдың 12 сәуірі.
5 / 20
Тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин басқарған "Восток-1" ғарыш кемесі 1961 жылдың 12 сәуірінде Мәскеу уақыты бойынша 09 сағат 07 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты. "Жұлдыздарға алғашқы саяхат" деректі фильміндегі кадр.
6 / 20
Ғарышкер Юрий Гагарин (ортада) VIII Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде.
7 / 20
Куба Республикасы министрлер кеңесінің төрағасы Фидель Кастроның жеке шақыруы бойынша КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының батыры Юрий Алексеевич Гагариннің Кубаға келуі. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин Гавана қаласының тұрғындарымен амандасып тұр.
8 / 20
"Восток" ғарыш кемесі қонған жер.
9 / 20
КСРО ұшқыш-ғарышкерлері, Кеңес Одағының Батыры Валерий Быковский (оң жақта), Юрий Гагарин (ортада) және Валентина Терешкова.
10 / 20
КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының батыры Юрий Гагариннің Жапония мемлекетіне сапары. Хоккайдо аралының тұрғындары әлемнің тұңғыш ғарышкерін ереше ықыласпен қарсы алуда.
11 / 20
Әлемдегі тұңғыш кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин телефон арқылы КОКП ОК бірінші хатшысы Никита Сергеевич Хрущевке ғарышқа ұшудың сәтті аяқталғаны туралы хабарлап тұр. "Жұлдыздарға алғашқы саяхат" деректі фильміндегі кадр.
12 / 20
КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы Никита Сергеевич Хрущев ғарышкер Юрий Гагаринмен телефон арқылы сөйлесіп тұр.
13 / 20
КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағының батыры Юрий Алексеевич Гагарин (сол жақта) бейбітшілікті жақтаушылардың Пагуош митингіне қатысу үшін Канадаға сапары. Ғарышкерді әйгілі америкалық қаржыгер, "Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқаны үшін" Ленин сыйлығының лауреаты Сайрус Итон шақырды. Юрий Гагарин Итон ханымға сыйлық ұсынып тұр.
14 / 20
Кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин (оң жақта) 1963 жылдың 28 қыркүйегінде Париждегі Эйфель мұнарасына барған кезде телескоп арқылы қарап тұр.
15 / 20
Кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин Лондондағы Гайд-Парк қонақ үйіндегі өз құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиында. Ұлыбритания, 1961 жылдың 13 шілдесі.
16 / 20
КСРО ұшқыш-ғарышкері Юрий Гагарин КСРО халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінде. Ол "Машина жасау" ("Ғарыш") павильонының экспозициясын қызы Ленамен бірге тамашалап тұр. Юрий Гагарин қызына өзі ғарышқа ұшқан "Восток" ғарыш кемесінің түпнұсқасын көрсетуде.
17 / 20
Кеңестік ғарышкер Юрий Гагарин мен оның әйелі Валентина 1962 жылдың 6 қыркүйегінде Копенгагенде Дания королі Фредерикпен кездесуден кейін.
18 / 20
Ұлыбританияның соғыс істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Джон Профумоның әйелі, бұрынғы актриса Валери Хобсон ғарышкер Юрий Гагариннің қолын алуда. 1961 жылдың 11 шілдесінде КСРО-ның Лондондағы елшілігінде ғарышкердің құрметіне арналған қабылдау.
19 / 20
КСРО ұшқыш-ғарышкері Юрий Алексеевич Гагарин бір құшақ түймедақпен бірге.
20 / 20
Ғарышкер Юрий Гагарин Каир маңындағы Гиза пирамидалары орналасқан әйгілі туристік орынға сапары кезінде ежелгі Сфинкс жанында суретке түсіп тұр. 1962 жылдың 31 қаңтары, Мысыр. 1962 жылдың 31 қаңтары, Мысыр.