Әлем

Путин коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырды

Ресей президенті коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін салдырды. Путин екпенің алғашқы компонентін 21 күн бұрын аған болатын
Sputnik

АЛМАТЫ, 14 сәуір – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның екінші бөлігін салдырды. Алайда президенттің қай вакцинаны салдырғаны әлі айтылмады, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Ресей президентінің коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы компонентін 23 наурызда салдырғаны хабарланды.

Вакцина салдырғаннан кейін мемлекет басшысының жұмыс режимінде еш өзгеріс болған жоқ. Өзін жақсы сезініп, жұмысын жалғастырды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды 

Кремль ресейлік барлық вакцинаның тиімді әрі қауіпсіз екенін айтып, президенттің қай препаратты салдырғанын айтудан бас тартты.

Айта кетейік, Ресейде үш вакцина тіркелген: "Спутник V", "ЭпиВакКорона" және "КовиВак".

"Спутник V" – коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы дәрі. Ол денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы орталығында адамның аденовирус векторларының зерттелген және тексерілген платформасында әзірленді.

"ЭпиВакКорона" – Ресейде тіркелген екінші вакцина. Ол Роспотребнадзордың Новосібірдегі "Вектор" орталығында әзірленді.