Өңірлер

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түсті – видео

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдерінің дерегінше, оқиға орнында 14 маман мен үш техника жұмыс істеген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Көкшетауда көп қабатты тұрғын үйдің балконы құлап, үш көлікке зақым келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға сейсенбі, 13 сәуірде болған. 

"Сағат 14:42-де Кенесары көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде төтенше жағдай қызметкерлері апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Олар тозығы жеткен балкон шатыры үшін қолданылған бетон плита құлаған соң қабырға жақтауындағы кірпіштерді бұзды", – делінген хабарламада.

Оқиға орнындағы жұмысқа 14 қызметкер мен үш техника жұмылдырылды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түсті – видео

Куәгерлердің айтуынша, құлаған балкон қирандылары үш көлікке зақым келтірген.